Ұстанымымыз – заңдылық пен тәртіп
Бас прокуратураның алқасында биылғы жарты жылда прокуратура органдарының заңдылықты сақтау, құқық тәртібін қамтамасыз ету және қылмыстылықпен күрес бойынша қадағалау қызметінің нәтижелерін тыңдадық. Прокуратураның күш-жігері қылмыс аясына тартылған адамдардың конституциялық құқықтарын қорғауға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға, азаматтардың әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз етуге, өтініштерін жан-жақты және әділ қарауға, жалпы жұртшылықтың көкейінде жүрген басқа да мәселелерді шешуге бағытталған.
Одан бөлек, біз ел Президентінің инвестициялық жобаларды сүйемелдеу, бизнесті қорғау жөніндегі және басқа да тапсырмаларын орындап келеміз.
Ұрланған активтерді мемлекетке қайтару туралы тапсырманың маңызын ерекше атаймыз.
Былтыр «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару тур